Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйде көлік жүргізу және мал ұрлығына қатысты заңдарға өзгертулер енгізуді тапсырды. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет», - деп жазды Мемлекет басшысы.
Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 27 октября 2019 г.