Қызылорда маңы қоқыс алаңына айналып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда маңы қоқыс алаңына айналып барады

28.10.2019

Қызылорда қоқыстың құрсауында тұр. Шаһар төңірегінде 228 тұрмыстық қатты қалдықтардың ошақтары табылды. Оны экологтар ғарыштық түсірілім арқылы анықтап отыр. Қоршаған ортаның жанашырлары аталған мәселеге алаңдаушылық білдіріп, бүгінде тазарту жұмыстары қолға алынуда. 

Жыл басынан бері қаладан 20 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылған. Алайда қоқыстың бәрі арнайы рұқсат етілген полигонға төгіле бермейді. Өйткені бей-берекет тасталған қалдықтар шаһардың 50 шақырымдық шеңберінде толып жатыр. Аймақ экологтары арнайы ғарыштық түсірілім арқылы осындай 228 орынды анықтады. Мамандар геопарталдың көмегімен қоқыс жатқан жерлерді картада белгілеп, жергілікті атқару органға тиісті шаралар қабылдауға ұсыныс беруде.

Толыбек Әбдіхалықов, облыс бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары:

Бүгінгі күні сол 228 орынның барлығы көзбен көріп, нақтыланып, әкімдікке хаттар жолданды. Оның 40-50-дей орны жойылды.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу