ІІ Дүниежүзілік соғысқа қазақ жерінен аттанған 270 мыңнан астам жауынгердің жағдайы белгісіз. Майданда хабарсыз кеткен сарбаздарды іздестірумен айналысатын ресейлік жасақ жетісулық жастармен кездескенде осындай мәліметті алға тартты. «Патриот» қоғамдық ұйымы ұрыс болған алаңдарда қазба жұмыстарын жүргізіп, қаза болғандардың кім екенін анықтап келеді. Жуырда бұл жасақ қазақ сарбазы Сүйінбай Мазыбаевтың сүйегін елге алып келді. Кездесу барысында еріктілер өздерінің жұмысы жайлы әңгімеледі.
Алдағы уақытта олар Шонжы ауылының мектептерімен байланыс орнатып, оқушыларды жазғы демалыста қазба жұмыстарын бірге жүргізуге шақырды.
Анатолий Копытин, «Патриот» еріктілер жасағының мүшеісі:
Егер біз осындай қарым-қатынасымызды дамыта берсек, жастар тарихты ұмытпайды. Ата-бабаларының ерлігін ұмытпайды. Осылай ұрпақтар сабақтастығын жалғап отыру - біздің парызымыз.
Қуаныш Қанатұлы