Ұлт-азаттық көтерілістің жаршысы Омар Шипиннің туғанына биыл 140 жыл. 1879 жылы Қостанай өңірінде дүниеге келген ақын - Амангелді Имановтың сенімді серіктерінің бірі. Сол жылдары шығарған «Арман», «1916 жылы», «Амангелдінің айбаты», «Торғай соғысы» толғауларын халықтың патша өкіметіне қарсы күресіне арнаған. Ел арасында «Сарбаз ақын» атанған тұлға 1963 жылы дүниеден озды.
Ақынның мерейтойы туған жері – Қостанай облысының Алтынсарин ауданында аталып өтті. Мұнда мектеп оқушылары арасында Омар Шипин шығармаларын мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Ақынның көзін көрген ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды.
Қажы Қорғанұлы, ардагер журналист, О.Шипиннің жерлесі:
Омар атам бізге өнерді алып келді, әдебиетті алып келді. Омар атама сәлем беремін деп біздің ауылға қазақтың небір мықтылары келетін. Біз солардың сөзін тыңдап өстік.
Дәуренбек Әбдібек