Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні жедел-іздестіру шарасы кезінде қамауға алды. Оның пәтерін тексеру барысында ірі көлемді қару-жарақ пен оқ дәрілер табылған. «Макаров» тапаншасы, «Сайга» аңшылық автоматы, револьвер - барлығы 12 қару мен 1500 оқ-дәрі тәркіленді. Бірнеше пышақ пен қарудың қосалқы бөлшектері анықталды.
Алтынбек Қалиев, Маңғыстау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Аягөз Оралбайқызы