Президенттік жастар кадр резерві жобасы Сингапурда таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік жастар кадр резерві жобасы Сингапурда таныстырылды

29.10.2019

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі хабарлады. Қазақстандық делегация Сингапур мемлекеттік қызмет колледжі ұйымдастырған халықаралық форумға қатысқан. Жиында елімізде жүзеге асырылып жатқан жастар кадр резерві жан-жақты баяндалып, өзге елден келген сарапшылар тарапынан жоғары бағаланған. Әсіресе, Қытай мен Үндістан тарапы Қазақстанның дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту әдістемесіне ерекше қызығушылық танытыпты. 

Жандос Сәрсен, қалалық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы:

Форумға қатысқан барлық мемлекеттік өкілдері біздің елдің тәжірибесіне қызықты, сұрақтар қойып, тұщымды жауап алды. Біздің елдегі Президенттік жастар кадр резерві жобасына Азия, Тынық мұхиты аумағы, Үндістан, Қытай, Сингапур да қызығушылық танытты.

Ербол Мәндібек

Хабарламаларға жазылу