Филиппинде жер сілкінісінен 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппинде жер сілкінісінен 2 адам қаза тапты

29.10.2019

Бүгін Филиппин аралдарының оңтүстігінде қуатты зілзала болып, 2 адам қаза тауып, ондаған тұрғын жараланды. Соңғы мәліметке қарағанда, жер сілкінісінің магнитудасы 6,6 балға жеткен. Оның эпиценті Котабато провинциясының Тулунан қаласынан 25 шақырым жерде 7 метр тереңдікте анықталды. 

Ғимараттар мен үйлер теңселгенде, адамдар жаппай далаға қашқан. Апатқа байланысты бірнеше қала мен елді мекенде оқу тоқтатылып, мектептер уақытша жабылды. 

Айта кетсек, бұл мемлекетте қазанның 16-да болған 6,3-балдық жер дүмпуінен 5 адам қаза тауып, талай аурухана мен сауда орталығы және кеңселер қирады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу