Қазақстан мен Түркия әскерлері ынтымақтаса жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Түркия әскерлері ынтымақтаса жұмыс істейді

30.10.2019

Қазақстан мен Түркия әскерлері ынтымақтаса жұмыс істейтін болды. Бүгін Парламент Мәжілісінде тиісті заң жобасы мақұлданды. Ары қарай сенаттың қарауына жіберіледі. Келісім шарттарына сәйкес қос елдің әскери мамандары тәжірибе алмасып, түрлі оқу жаттығу шараларын да өткізеді. Бұл тұрғыда тәжірибесі мол түрік қарулы күштерінен үйренеріміз көп деп отыр мамандар. Түрлі елдерге әлемдік миссияларын орындау үшін бітімгер сарбаздарды да бірлесе жіберуі мүмкін. Сондай-ақ әскери оқу орындарында оқып жатқан студенттер мен курсанттар алмасу арқылы серіктес елдің әскери дағдыларын меңгере алады.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Оқуға барған кісілер немесе даярлыққа барған кісілер олардың барлығының әлеуметтік жағдайларының барлығы келісімшартта деректі түрде қаралған. Мысалы, оқитын балалар барып, ары қарай оқуын жалғастыратын болса, оған төленетін степендиясы жатақханасы немесе керекті құрал-жабдықтары сол қабылдаған жақтың есебінен ұйымдастырылатын болады.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу