Ақтөбеде банк қызметкері клиенттің шотынан ақша жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде банк қызметкері клиенттің шотынан ақша жымқырған

31.10.2019

Ақтөбеде банк қызметкері 20-ға жуық адамды алдап, миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді.

Полицияға қазірдің өзінде шоттарынан ақша жоғалғанын айтып, 5 адам шағым түсірген. Тергеу көрсеткендей, күдікті келушілерге интернет банкингпен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетіп берген. Сол арқылы құпия сөздерін жазып алып отырған. Ол 17 адамның шотынан 1 миллион теңгені жымқырғаны белгілі болып отыр. 

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, биыл өңірде барлығы 28 кибер қылмыскер ұсталған.

Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Банк клиенттері полиция тарапынан шаралар қабылданғанға дейін олардың шоттарынан ақша жоғалуына назар аудармаған. Нәтижесінде күдікті 1 млн-нан астам қаржыны аудару бойынша 240 операция жасаған. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, іс сот қарауында жатыр.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу