Қарағандыда Сәкен мұрасын насихаттаған республикалық жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Сәкен мұрасын насихаттаған республикалық жиын өтті

31.10.2019

Алаштың азаттығы жолында жанын қиған күрескер ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өнегелі өмірі бүгінгі жастарға үлгі болуы тиіс. «Өскелең ұрпақты Алаш арыстарының атқарған еңбектері арқылы тәрбиелеу керек», - дейді Қарағандыда өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сәкен Сейфуллиннің рухани-адамгершілік мұрасының білім мен ғылымды дамытудағы маңызы» деген тақырыпта өткен алқалы жиында ғалымдар сұңқар ақынды әр қырынан ашып көрсетуге тырысты. Мәселен, ол 1925 жылы қазаққа қазақ атын қайтарған, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге пәрмен берген, қазақ фольклорын, ауыз әдебиетін түгендеуге өлшеусіз үлес қосқан. «Осындай халық үшін жасаған баға жетпес еңбектерін бүгінгі ұрпақ білу қажет», - десті жиында сөз алғандар.

Оралбай Әбдікәрімов, мемлекет және қоғам қайраткері:

Мұндай тұлғаларды көрсетуіміз керек жастарға. Жастар кімнен үлгі алу керек, қалай жүру керек, қалай патриот болу керек дегенде осы Сәкендердің, басқа да Алаш азаматтарының өмірі үлгі болуы тиіс деп ойлаймын. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу