Филиппин аралдарында 6,5 балдық зілзаладан кемінде 5 адам қаза тапты. Жер асты дүмпулерінен кеңсе ғимараты құлап, адамдарды басып қалған. Көптеген үйлер мен ғимараттар бұзылып, тұрғындар зардап шекті.
Бұл – бір ай ішінде аралда болған үшінші жер сілкінісі. Бұған дейін қазанның 16-да 6,3 балдық және қазанның 29-да 6,6 балдық күшті зілзала болған еді. Соның салдарынан, 20-ға жуық адам мерт болды.
Апатқа байланысты ел президенті Родриго Дутерте зардап шеккендерге көмек көрсетіп, қажетті заттармен қамтамасыз етуді тапсырды.
Жансая Қапасқызы