Бизнеске 50 нақты ұсыныс. Өскемен қаласында осындай атаумен І инвестициялық форум өтті. Шараның негізгі мақсаты – шығыстың бас шаһарына инвестиция тартып, бизнес саланың одан әрі дамуына ықпал ету. Кәсіпкерлерге іскерлік алаң ретінде ұйымдастырылған форумға Астана, Алматы, Павлодар және Семей қаласынан да қонақтар келді.
Инвесторларға балабақша және басқа да кәсіпкерлік мақсаттағы әкімшілік-коммерциялық ғимараттар салуға арналған жерлер туралы мәлімет ұсынылды. Сонымен қатар, білім нысандарын бәсекелі ортаға немесе сенімгерлік басқаруға берілу жолдары айтылды.
Ансар Ешенбаев, форумға қатысушы:
Мен бүгін осы форумға инвестор іздеп келдім. Менің екі жобам бар, оларды жүзеге асыру үшін 40 миллион теңге керек. Біз бүкіл облысты бөдене жұмыртқасы және етімен қамтамасыз ете аламыз. Сонымен қатар, биогаз шығарып, одан биотыңайтқыш жасауға болады.
Берік Көшербай