Вице-министр критериалды бағалау жүйесін түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вице-министр критериалды бағалау жүйесін түсіндірді

01.11.2019

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылардың білімін бағалау жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістерге қарсы шыққан ата-аналарға жауап берді. Оның ойынша криетриалды бағалау - заман талабы.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оңай шаруа емес. Әр шәкірттің мықты тұстарын анықтап, оның талантын аша түсу үшін жаңа жүйе енгізілген. Жаңа әдіс оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын анық көрсетеді. Әрі келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін меңзейді. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Осылайша оқушының қызығушылығы артып, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу