Мексиканың АҚШ-пен шекаралас Тихуана қаласында алапат өрт болып, алты үй түгелдей жанып кетті. Тағы үш баспана жартылай зақымданған. Қазір өртті құтқарушылар бригадасы сөндіруге күш салып жатыр.
Дегенмен, жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, одан ешкім зардап шеккен жоқ.
Аймақта мұндай оқиғалардың көбеюіне «Санта Ана» деген ұйытқыған жел себепші. Американың Калифорния штатында да ормандардың жануына осы жел түрткі болды деген мәлімет бар.
Арыстан Рысбек