Президент Алматының басшылығына нақты міндеттер жүктеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Алматының басшылығына нақты міндеттер жүктеді

03.11.2019

Трамвай туалы мәлімет іздегенімізде біздің уақытта Еуропада трамвай қатынасының қарқынды дамып жатқаны туралы материалдар оқыдық. Бір кездері трамвайды құртқандардың өзі қайта қалпына келтіріп, дамыта бастаған.

Мысалы, Ницце, Палермо, Мадридте. Тіпті кейбірі салыстырмалы түрде алсақ, трамвай жолды кейін салған екен: Лондонда 2000 жылы, Афины 2004 жылы. Ал бұрынғы кеңес елдерінде Ресейде, Украина, Қазақстанда бұл транспорт түрі бейнелеп айтқанда «геноцидке» ұшырады. Бүгінгі күннің өзекті проблемасы - кептеліске кінәлі трамвай болып шықты... Мамандардың ойы мен қоғамдық пікірді білмеген және санаспаған кезде тонның келте кесілетінін Президент те айтты.

Алматыға барған сапарында Қ.Тоқаев «тартқылағанмен тізені жаппайтын шолақ тондарды» атқарушы биліктің алдына бір-бірлеп тастады. Үні өшірілген трамвай, сүрілген мәдениет ошақтары, қаланың тарихи архитектуралық келбетін аяусыз шимайлау, экология, қылмыстың өршуі...

Ал «Көкжайлау» тақырыбына «құлып салғанда» курортты салмауды талап еткендер өздерін сол кезде маймылға теңегендерді «ал, кім екен...?» деген жоқ. «Маймылдар қуанып жатыр!» деп ащы әзілдеді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ  


Хабарламаларға жазылу