Орал маңында 17 мың адам саяжайларда тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал маңында 17 мың адам саяжайларда тұрады

03.11.2019

Орал маңында 17 мың адам (нақты есебі белгісіз, одан да көп болуы мүмкін) саяжайларда тұрады. Мәртебесіне сәйкес, онда тек жазғы мезгілде тұруға болады. Алайда амалы жоқ адамдар жыл он екі ай өмір сүреді. Ал ол жерлерде дым жоқ – жол, газ, жылу, тіпті кей жерде жарық. Тиісінше, тіршілік қылу өте қиын. Әсіресе күн суыта балаларының мектепке баруы. Ал аяқ астынан қатты ауырып қалса, уайым үстіне уайым. Билік саяжай тұрақты мекен емес, уақытша баспана дегенімен, адам уақытша - жаз мезгілінде ғана тіршілік қылатын субъекті емес ғой. Жалпы, мыңдаған адам қайда көшеді? Жақсылап ойланса, мәселенің түйінін тарқататын жолы бар деп ойлаймыз. Мысалы, қала аумағына кіргізу.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ 


Хабарламаларға жазылу