Алматыда дүнген мәдениеті мен дәстүріне арналған шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дүнген мәдениеті мен дәстүріне арналған шара өтті

04.11.2019

Алматыда «Қазақстан дүнгендері: мәдениеті мен дәстүрлері» мерекелік шара өтті. 

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары мен этномәдени бірлестік өкілдері дүнген ұлтының тарихы, өмір салты мен еліміздің дамуына қосқан үлестері туралы ой бөлісті. 

Жалпы, қазір елімізде 70 мыңнан астам дүнген этносының өкілі тұрады. Тәуелсіз елдің өркендеп, өсуіне өзге ұлыстармен бірге атсалысып жатқан олар мемлекетте тұрақтылық пен татулықтың берік екендігін жеткізді. Сонымен қатар, жиын барысында «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты сурет пен өнер көрмесі ұйымдастырылды. 

Абубакир Войнце, «Қазақстан дүнгендері қоғамы» ҚБ төрағасы:

Шыны керек, біздің салт-дәстүріміз қазақтың салтымен біте қайнасып кеткен. Себебі дүнгендер Қазақстанда 140 жылдан бері өмір сүреді. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық этнос өкілдерінің мәдениетін насихаттап, достық қарым-қатынастарды арттыру - басты міндетіміз.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу