Ноғаев Атырау перзентханасының дәрігерлеріне қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ноғаев Атырау перзентханасының дәрігерлеріне қатысты пікір білдірді

04.11.2019

Атырауда нәрестенің өлімінен кейін кетуге бекінген дәрігерлер жұмысынан босатылмады. «Оларды өз орнында сақтап қалу үшін тиісті жағдай жасап жатырмыз», - деді журналистермен кездесу өткізген облыс әкімі. Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, 4 дәрігер арызын қайтарып алған. Ал 28 маманға болған оқиғаға кәсібилік тұрғысынан қарауға және медицинаны қолдау бойынша әңгімелесу өткен. Перзентханадағы жаға ұстатар жағдайға байланысты әлі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірақ перинаталдық орталықтағы техникалық мәселелер шешімін тауып келеді.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

Ауа айналым жүйесі қазіргі таңда жөндеуден өтті. Қазір қажетті сараптамалардан өтіп жатыр. Перинаталдық орталық жабылмайды. Ол қажетті деңгейде жұмысын істеп жатыр. 

Сондай-ақ брифингте әкімнен ядролық жарылыстар сыналған Азғыр ауылының да қазіргі ахуалы сұралды. Облыс басшысы ол аумақтың жыл сайын қатаң бақылауда тұрғанын жеткізді. Биыл 8 мыңдай тұрғыны бар ауылға 377 шақырым газ жеткізілген. Енді жарықтандыру мәселесі көтеріліп жатыр. «Сондай-ақ онда баратын 11 учаске - сорлы жер. Сондықтан озық технологияны пайдалану арқылы асфальт салу жұмыстары қолға алынып отыр»,-деп түйіндеді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

Хабарламаларға жазылу