![«Balapan» телеарнасының аутсорсинг компаниялар арасында жариялаған байқауы аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/11/4/1572869067334.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы 4 қыркүйекте аутсорсинг компаниялар арасында 2020 жылға арналған анимациялық және телевизиялық жобаларға байқау жариялаған болатын. 1 қарашаға дейін жалғасқан байқауға 53 компаниядан барлығы 162 жоба келіп түсті. Оның ішінде, телевизиялық бағдарламалар жасауға 90, телехикая түсіру бойынша 20, ситком жанрына 6 өтінім тапсырылды. Сонымен қатар, телеарна шытырман оқиғалы және оқу-танымдық жанрдағы 46 анимациялық жобаның өтінімін қабылдады. Аталған жобалар алдағы уақытта Көркемдік кеңес отырысында іріктеледі. Байқау нәтижесі «Balapan» телеарнасының ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Balapan» телеарнасының аутсорсинг компаниялар арасында жариялаған байқауы аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/118607/)