Мектептерде бала тәрбиесіне арналған сынып сағаттары өткізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептерде бала тәрбиесіне арналған сынып сағаттары өткізілуде

05.11.2019

 Елімізде мектеп оқушыларына отбасының қоғамдағы рөлін түсіндіріп, санасына ұлттық тәрбие мен құндылықтарды сіңіруге арналған сынып сағаттары басталды. 

Бұл бастама Алматыдағы білім шаңырақтарында да жалғасын тапты. Тағылымды дәрістерге үлгілі әрі көпбалалы отбасылар шақыртылған. Ал көнекөз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар шәкірттерге бата беріп, сабақ барысын қадағалады. Бұдан бөлек, түрлі тақырыпта сұрақтар қойылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. «Осындай игі шара арқылы жас буын отбасы - тәрбие басы екендігін ұғып өседі», - дейді мұғалімдер.

 Руфинат Әлдіғазы, №108 жалпы білім беру мектебінің директоры:

Бұл мектеп, отбасы, қоғам арасындағы бірлікті, ынтымақтастықты нығайта отырып, көкірек-көзі ояу шәкірттерді тәрбиелеп, келешегімізді кемел, болашағымызды жарқын етуге ықпалы зор.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу