Ирак қауіпсіздік күштері Бағдадта шерушілерге оқ атып, кемінде 6 адамды мерт қылды. Үкіметке қарсы акциялар қаланың бірнеше ауданында өткен. Олар тәртіпсіздіктерге, полициямен қақтығысқа ұласқанда тағы 34 адам жараланды.
Бұл мемлекетте жұмыссыздыққа, коррупцияға, ауыз су мен электр тапшылығына наразылық қазанның 1-інде басталды. Оған негізінен жастар қатысып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, өткен айдың басынан бері Иракта шерулер кезінде 250-ден астам адам оққа ұшырып, мерт болды. Және де мыңдаған тұрғын жараланған.
Арыстан Рысбек