Оған себеп - Ресей мен Украина арасындағы саяси жанжал. Ресей Қазақстанның көмірін Украинаға өткізуге құлықсыз. Шектелген транзиттен ел экономикасына орасан шығын келуде. Қазақстандық тарап дәлелдер келтірген. Бұл туралы Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі Жәнел Күшікова мәлім етті.
Жәнел Күшікова, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
Ресейлік тарап шектеу қойды. Мәселе, көмірді Украинаға экспорттауға қойылған шектеулерге байланысты Ресейдің ішкі нарығында көмірдің көлемі көбейіп кеткен. Осыған орай жергілікті тұтынушылар қазақстандық көмірден бас тартуда. Ал Украина тасымалдың балама әдістерін пайдаланып, тығырықтан шығар жол тапты, яғни ресейлік тараптың бұл шектеуінен біздің көмір өндірушілер ғана зардап шегуде.
Индира Бегайдар