Кәсіптік стандарттарды әзірлеу мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу мәселесі талқыланды

06.11.2019

Елімізде шұғыл түрде кәсіптік стандарттарды әзірлеу қажет. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазір бұл жүйе шынайы еңбек нарығынан алшақтап кеткенін айтады. 

Сол үшін кәсіптік және жоғары білім беретін оқу орындары ескірген стандарт бойынша мамандарды даярлап шығарып жатыр. Бұл диплом алған қыз-жігіттердің жұмысқа орналасуына кедергісін келтіріп, біраз қиындық туғызады екен. «Оның үстіне қазір еңбек нарығына жоғары білімді мамандардан гөрі, электрик, дәнекерлеуші секілді жұмысшылар көбірек қажет», - дейді министр. Сондықтан бүгін еліміздің әртүрлі салаларында 550 мамандық бойынша кәсіптік стандарттар әзірлеу мәселесі жан-жақты талқыланды.  

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 

Әр адам баласын жоғары білім алсын дейді. Заңгер болса екен. Экономист болса екен дейді. Бірақ еңбек нарығында сұраныс басқаша.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу