Сербияда жүздеген адам шеруге шығып, президент Александр Вучичті мемлекеттік телеарна ғимаратына орталық есіктен кіргізбеді. Сондықтан республика басшысы оған өзге жақтан енуге мәжбүр болды.
Жергілікті оппозиция өткен жылдан бері демонстрациялар өткізіп, Вучичті коррупционер, ұры және сөз бостандығы мен демократияның жауы деп айыптап келеді. Президент болса, өзіне тағылған кінәларды мойындаған емес.
Келесі жылы Сербияда парламенттік сайлау өтеді. Сол саяси науқан қарсаңында мемлекет жетекшісінің жақтастары да шеруге шығып, Вучичке қолдау білдіріп жатыр.
Арыстан РЫСБЕК