Елордадағы балконы қисайған тұрғын үй мамыр айында жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы балконы қисайған тұрғын үй мамыр айында жөнделеді

07.11.2019
Елордадағы балконы қисайған тұрғын үй мамыр айында жөнделеді

Елордадағы балконы қисайған «Орбита» тұрғын үй кешенінің қасбетін қайта жөндеу жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда тиісті шаралар қабылданды. Қаражат бөлініп, техникалық тексеру жүргізілді және жоба жасалып жатыр. Келесі жылдың мамыр айында тұрғын үй кешенінің қасбеті, балконы түгелдей қайта жөнделеді», - деді қала әкімінің орынбасары.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан әкімдігі «Орбита» тұрғын үй кешеніне қатысты мәлімдеме жасап, онда тұру қаншалықты қауіпсіз екенін айтқан болатын.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу