Елімізде браконьерлікке қатысы бар адамдардың тізімі жасалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде браконьерлікке қатысы бар адамдардың тізімі жасалып жатыр

07.11.2019

Елімізде браконьерлікке қатысы бар адамдарды толық анықтау мақсатында олардың тізімі жасалып жатыр. Қазірдің өзінде ол есепке 80 адам енгізілген.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов айтты. Оның сөзінше, жыл басынан бері заңсыз түрде аңшылыққа шығып, балық аулаған азаматтарға 77,7 миллион теңге айыппұл салынған. 7313 заңбұзушылық анықталып, 5921 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазір Президенттің тапсырмасы бойынша браконьерелермен күрес күшейтіліп, заңнамаға біршама өзгерістер енгізілуде. Атап айтқанда, заңсыз аң атқандар мен ағаш кескендерге жаза қатаңдатылып, айыппұлдар мен санкциялар көбейтілмек. Сондай-ақ, қорықшы инспекторларға қару қолдану құқығы берілмек.

Мақсат Байболов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

Өздерінің қызмет бабында, мысалы, қылмыскерді ұстау немесе автокөлікті тоқтату мақсатында бізде арнайы заңмен көрсетілген. Одан басқа Үкімет қаулысымен бекітілген. 

Аманкелді Сейтхан

Хабарламаларға жазылу