Жоба жүзеге асырылғалы бері екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй алу үшін 500-ге тарта адам өтініш білдірген. Оның жартысынан көбі мақұлданып 1,6 млрд теңге несие рәсімделіп отыр.
Қазір облыс орталығынан пәтер алуға ауыл тұрғындары да ұмтыла бастады. Өңірде бүгінгі күнге дейін шалғай елді мекендерден 50-ге тарта адам баспана алды. Қазір Таразда мемлекеттік бағдарламамен берілетін 181 пәтер қалып отыр. Келесі жылдың қаңтар айында жаңа 15-ші ықшам ауданнан қосымша 268 пәтер нарыққа шығарылады.
Жайықбай Шалдаров, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:
Нарықта бүгінгі күні орта бағамыз 150-160 болатын болса, «7-20-25» бағдарламасымен пәтердің бір шаршы метрінің құны 116 мың теңге болып отыр. Бұл қазіргі екінші нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен.
Сәбит Әлдебай