Алдағы 2 жылда Қазақстандағы жолдардың 6 мың шақырымы ақылы болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Жолдарды ақылы етуге бағытталған жоба 2 кезеңде енгізіледі деп жоспарлануда. Алғашқы кезеңде, яғни 2020 және 2021 жылдардың аралығында автомобиль жолдарының 6 мыңға жуық шақырымы ақылы болады», делінген хабарламада.
Ақылы болатын жолдар – Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы, Щучинск – Петропавл, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қалбатау – Павлодар – РФ шекарасы (Омбыға), Таскескен – Бақты, Қапшағай – Талдықорған, Атырау – Орал, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстан Республикасының шекарасы және Ақтау – Бейнеу жолдарының учаскелері.