АҚШ пен Қытай тауарларға енгізілген тарифтерді алып тастамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Қытай тауарларға енгізілген тарифтерді алып тастамақ

08.11.2019

АҚШ пен Қытай бір-бірінің тауарларына жариялаған тарифтердің кейбірін алып тастауға келісті. Мұны бейсенбі күні екі жақтың үкімет өкілдері мәлімдеді. Осылайша, Бейжің мен Вашингтон 16 айға созылған сауда соғысын тоқтатуға алғашқы қадам жасап отыр. 

Егер тараптар аталған пәтуаға қол қоятын болса, Құрама Штаттар желтоқсанның 15-інде Қытайдың құны 156 миллиард долларлық өнімдеріне импорттық салықты көтеруден бас тартуы мүмкін. 

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, президент Дональд Трамп пен оның қыталық әріптесі Си Цзиньпин тарифтерді алып тастау туралы құжатқа жыл соңына қарай қол қоюы мүмкін. Бірақ екі держава лидерлерінің қай жерде кездесетіні әзірге белгісіз.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу