Қазақстанда ЖИТС жұқтырғандардың саны күрт көбейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ЖИТС жұқтырғандардың саны күрт көбейіп барады

08.11.2019

Елімізде имун тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны күрт көбейіп барады. Мәселен, бір ғана Нұр-Сұлтанда соңғы 9 айда ВИЧ, СПИД секілді індетке шалдыққан 160-қа жуық адам тіркеліпті. 

Олардың басым бөлігі ауруды жыныстық жолмен жұқтырғаны анықталған. Сондықтан бас қалада имун тапшылығы вирусының алдын алып, аурумен өмір сүретіндерді дискриминациялауды жоюға бағытталған бір айлық акция басталды. 

Мамандар вирустан сақтанудың жолдарын түсіндіріп қана қоймай, адам көп шоғырланатын ірі сауда орындары, вокзал мен әуежайда ВИЧ пен СПИД-ке шұғыл тестілеуден өту мүмкіндігін жасамақ. Онда кез келген адам сілекейін тапсыру арқылы айналасы 10 минуттың ішінде ауру жұқтырған-жұқтырмағанын тегін біле алады.

Серік Әбдіраимов, Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығының бас дәрігері:

Қорықпай тексерілу керек. Егер қорықпай тексеріліп, тезірек анықталып, емін қабылдаса, онда ештеңе жоқ. Ауырған адам дәрі ішеді ғой, сол сияқты дәрісін ішіп жүре береді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу