Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты жұмыс сапарымен Сыр өңіріне барды. Халық қалаулылары елді мекендерді аралап, ауылдағы ағайынның тыныс-тіршілігімен танысты.
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары Сырдария ауданында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын бағамдады. Тұрғын үй құрылысы, ауылшаруашылы мен кәсіпкерлік саласындағы тындырымды тірлікті көрді. Мұнан соң, халық қалаулылары қатысқан көшпелі отырыста «Отбасының әлеуметтік картасын ендіру» тақырыбында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.
Жанат Омарбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Осы әлеуметтік жағдайы қиын отбасылардың мына әлеуметтік картасы тағайындалуда. Ол бірінші шілдеден бастап іске қосылды. Әр отбасыға қандай көңіл бөлініп, осы жан-жақты, бірлесіп қандай іс-шаралар атқарылып жатқанын көріп жатырмыз.