Президент Көк-Жайлау жобасын жүзеге асыруға тыйым салу жөнінде шешім шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Көк-Жайлау жобасын жүзеге асыруға тыйым салу жөнінде шешім шығарды

10.11.2019

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли бүгін фейсбуктегі парақшасында мынадай ақпаратпен бөлісті: Жақында ғана Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Көк-Жайлау жобасын жүзеге асыруға тыйым салу жөнінде шешім шығарғаны мәлім.

Бұл шешім БҰҰ тарапынан да қолдау тапты. Мемлекет басшысының атына БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ольга Алгаерованың хаты келіп түсті.

Ол Көк-Жайлау шатқалындағы тау-шаңғы курортының құрылысына қатысты шығарылған шешімге қолдау білдіретінін жеткізген.

«Сіздің: «Барлық шешімдерді қабылдау кезінде халықтың ой-пікірін ескеріп, қоғамдық тыңдаулар жүргізу керек және қабылданатын іс-шаралардың мән-маңызын азаматтарға жан-жақты түсіндіру қажет» деген сөзіңіз маған ерекше әсер етті», - деп жазады Ольга Алгаерова.

Мемлекет басшысының шешімі әлем қауымдастығы тарапынан «қоғамның алаңдаушылығын ескеріп жасалған тиімді ұйғарым» ретінде ғана емес, еліміздің экология саласындағы халықаралық міндеттемелерді, соның ішінде Орхус конвенциясының қағидаттарын берік ұстануы ретінде қабылданғаны өте маңызды.


Хабарламаларға жазылу