Президент елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды

11.11.2019
Президент елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Комиссияға вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.


Хабарламаларға жазылу