Оңтүстік Кореяда жол апатына түскен қазақстандық азамат елге қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда жол апатына түскен қазақстандық азамат елге қайтарылды

11.11.2019

Оңтүстік Кореяда жол апатына түсіп, жүк көлігімен соқтығысқан қазақстандық азамат елге қайтарылды. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Оқиға Кореяның Чхонан қаласында болған еді. Жүргізу куәлігінсіз көлік тізгіндеген отандасымыз жүк көлігінің жүргізушісімен өзара келісімге келген. Және емделуге қажетті соманы жинауға Кореядағы елшілік пен сол елдегі қазақстандықтар көмектескен. Сондай-ақ такси көлігімен соқтығысқан екінші қазақстандық азаматтың мәселесі де оңтайлы шешіліп, елге оралды. Жол апатына себепкер болған бұл екі азамат та заңсыз мигранттар. Ал 7 жасар кореялық баланы қаққан отандасымыздың мәселесі сотта шешіледі.   

Айбек Смадияров, ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары:

Кішкентай баланың жағдайы жақсарды. Әкесімен байланысып отырамыз. Тергеудегі азамат толығымен қаралып сотқа берілді. Жақын арада соттың бірінші отырысы өтеді.


Хабарламаларға жазылу