Түркия ДАИШ-тың еуропалық және америкалық содырларын елдеріне қайтарып жатыр. Лаңкестік топтың мүшелері мен олардың отбасыларын репатриациялау процесі бүгін басталды. Анкара, тіпті Сирияға кеткен соң, өз елінің азаматтығынан айырылғандарды да депортациялауға уәде беріп отыр. Елдің Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, алғашқылардың бірі болып Құрама Штаттардың тумасы еліне қайтарылды. Сонымен қатар, болжам бойынша ДАИШ-тың германиялық 7 мүшесін депортациялауға дайындық аяқталды. Дегенмен, Еуропа мемлекеттері бұған әзірге еш жауап қайтарған жоқ.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ