Нұр-Сұлтанда трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Апаттың салдарынан 7 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, олардың алтауы амбулаторлық көмектен кейін үйлеріне қайтарылды. Бір адам әлі емханада.
Оқиға таңғы сағат 9:00 кезінде Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған. Полиция департаментінің айтуынша, қиылыста солға бұрылған трактор қарсы бағытта келе жатқан №40 жолаушылар автобусына жол бермеген. Қазір оқиғаға қатысты мән-жай зерттеліп, кінәлілер анықталып жатыр.
Аманкелді Сейітхан