Француз полициясы Испаниямен арадағы негізгі трассаны бөгеген каталондық шерушілерді күшпен таратып жатыр. Каталонияның тәуелсіздігін талап еткендер бұл жолды шекараның екі жағынан да жапқан. Францияның тәртіп сақшылары олардың кейбірін Испания жеріне итеріп, сүйреп қайтарды. Демонстрацияға байланысты жүк машиналары мен автомобильдер өзге магистральмен жүруге мәжбүр.
Каталонияда испан үкіметіне қарсы акциялар қазанның ортасынан бері өтіп жатыр. Олардың басталуына 2017 жылы осы аймақтың тәуелсіздігі туралы референдум ұйымдастырды деген күдікпен тоғыз сепаратис-лидердің ұзақ мерзімге сотталуы себепші.
Арыстан Рысбек