Ресей мен Украина президенттерін жеке кездестіру керек. Қазір осы кездесудің сәті туып отыр. Сондай-ақ, Пхеньян мен Сеул қатынасын да тұрақтандыру қажет. Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Клубы» саяси форумының бесінші отырысында осылай деді. Елдестірмек елшіден деп арағайындық танытып жүретін Тұңғыш Президент бұл жолы АҚШ пен Қытай, Батыс пен Ресей арасындағы ахуалға бүкіл әлем алаңдаулы екенін айтып, нақты ұсыныстар жасады.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ