Батыс Қазақстанда электр жүйесінің 70 пайызы тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда электр жүйесінің 70 пайызы тозған

12.11.2019

Батыс Қазақстан облысында электр жүйесінің 70 пайызының тозығы жеткен. Жалпы, өңірде ұзындығы 26 мың шақырым болатын желі бар. Алайда, олар осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын салынғандықтан, әбден ескірген. Бұл туралы облыс басшысы Ғали Есқалиев баспасөз мәслихатында айтты. Оның сөзінше, электр жүйелері инвесторлар табылған соң ғана ауыстырылады.

Ғали Есқалиев өңірдегі өзге де өзекті мәселелерге тоқталды. Мәселен, Оралдағы жиі өртенетін қоқыс полигоны келесі жылы жабылмақ. Оған келер жылдың бюджетінен тиісті қаражат бөлінбек. «Алайда, оны көшіру мүмкін емес»,-дейді аймақ басшысы.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу