Қарағандылық азаматтың салық қарызы 65 миллион теңгеден асып кеткен. Ол Бұқар жырау аудандық әкімдігінде бас маман лауазымында қызмет етеді. Бірнеше жыл бұрын қалаға жақын маңнан 37 гектар жерді иемденген. Кейін қаланың әкімшілік шекарасы кеңейіп, жер сол аумаққа өткен соң салық мөлшері артқан. Осылайша, қарыз жиналып қалған. Қазір борышкердің жалақысынан ай сайын ұсталып жатыр. Бұған қоса, оның атындағы екі көлік пен жер телімі сатуға қойылған. Мемлекеттік кіріс департаменті берген мәлімет бойынша 2019 жылдың 1-ші қарашасына дейін облыстағы 22 мыңнан астам жеке тұлға жалпы соммасы 173 миллион теңгеден астам қарызын төлесе, 88 мың адам борышын өтемеген. Олардың мемлекеттік кіріс саласына ортақ қарызы 1 миллиард теңге. Көш басында Бұқар жырау ауданы әкімдігінің бас маманы тұр.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ