Солтүстік Қазақстан облысы Тілдерді дамыту және білім басқарсы, сондай-ақ Ассамблея өкілдері Түмен облысы қазақ ұлттық-мәдени автономиясына 200 жаңа оқулық сыйға тартты. Біраз уақыт бұрын Ресейдің Түмен облысында қазақ сыныбы ашылғанын көрсеткенбіз. Бұл - ірігелес өңірдегі алғашқы бастама. Бірақ Түмендегі қандастарымыздың балалары 1989 жылы жарық көрген оқулықты пайдаланып жүрді. Бұл білім сапасына кері әсер етіп, мұғалімдерге де біраз қиындық тудырған еді.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ