Әкімдік берген уәде орындалмады. Өскемен қаласындағы көп қабатты үйдің тұрғындары жаңбыр суы ағатын құбырды бірнеше жылдан бері жөндете алмай әлек болды. Жауын жауса, Карбышев көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің алдына су жиналады. Қыс түссе, қар басады. Көктемде еріп, көл-дарияға айналады. Бұл мәселеден қала әкімі хабардар. Тіпті көмек беретінін айтқан. Алайда сол уәдеден нәтиже жоқ.
Берік Көшербай