Нұр-Сұлтан қаласында бюджеттің интерактивті картасы жасалуда. Бұл арқылы халық қаржының қалай жұмсалып жатқанын бақылай алады.
Яғни, қай салаға қанша ақша бөлінгені, ол қалай игерілгені туралы ақпарат интернет желісіне ашық түрде енгізіліп отырады. «Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.
Айта кетейік, осы бағытта ашылған «Астана - адалдық алаңы» кеңсесі қазір өз нәтижесін бере бастаған. Мәселен, тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында 3,5 мыңнан астам азаматтың мәселесі шешілген.
Аманкелді Сейітхан