2020 жылы Арқаның кербез Көкшесінде болатын Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы жоғары деңгейде өтуі тиіс. Бүгін жұмыс сапарымен Ақмола облысына барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты үлкен жиын өткізген Мемлекет басшысы осылай деді.
Яғни, Көкшетау бұл жиынға келген меймандарды көркімен ғана емес, осындағы көп халықтың тыныс-тіршілігінің жарқындығымен де жайнап қарсы алуы керек. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі 7 мәселені жіліктеп берді. Президент өнеркәсіптік өндірісті өркендету, шағын және орта бизнесті, туризм саласын дамыту, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстарды ширатуды шенеуніктерге шегелеп тапсырды.