Шымкентте заңсыз жәрдемақы алғандар қазынаға 3 млрд теңге қайтаруы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте заңсыз жәрдемақы алғандар қазынаға 3 млрд теңге қайтаруы тиіс

14.11.2019

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алу үшін табысы мен зәулім үйін жасырғандардың қулығына құрық бойламай тұр. Шаһарда 3 мыңнан астам отбасы оңай олжаға кенелгісі келіп, күнделікті табыс тауып отырған кәсіптерінің өзін жасырған. Енді олар мемлекеттен алған қыруар қаржыны қайтарып жатыр. 

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері министрліктен берілген тізім бойынша атаулы әлеуметтік көмек алған 9 мыңға жуық отбасыға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді. Олар тұрғындардың тұрмысымен танысып, күнкөрісін жіті зерделеп шықты. Қайта есептеудің нәтижесінде кезінде жалған құжат өткізген отбасыларға төленіп кеткен 3 млрд теңгеге жуық қаржы қазынаға қайтарылатын болды. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу