Ресейде қазақ сұлтаны Ораз-Мұхаммедке ескерткіш тақта орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде қазақ сұлтаны Ораз-Мұхаммедке ескерткіш тақта орнатылады

14.11.2019
«Ораз-Мұхаммед сұлтанның заманауи тарихтағы рөлі». Ресейдегі Қазақстан Елшілігінде осындай тақырыпта халықаралық конференция өтті. Оған тек отандық емес, орыстың белгілі тарихшылары, ғалымдары қатысып, Ораздың ерлік істерін, қайтпас қайсарлығы жайында пікір алмасты.

Қазақ ханы Тәуекелдің немере інісі Ораз Мұхаммед сұлтан 16 жасынан бастап орыс патшасының қарауында аманатта болған. Небәрі 38 жыл өмір сүрген ол бар ғұмырын сонда өткізеді. Мықты қолбасшыны орыс патшасы еліне жібергісі келмеген.

Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

Барша Алаш жұрты үшін байрақты бабамыздың жат елде патшалық құруы аңызға бергісіз ақиқат. Ал оның ел мен елді табыстырған қызметі мәртебелі абырой. Өйткені, Ораз Мұхаммед орыс жеріне жеке дара келген жоқ. Ол бүкіл ел аманатын, Ұлы даланың дос пейілі мен бейбіт ықыласын ала келді.

1600 жылы Ораз сұлтанды Борис Годунов оны Қасым хандығының тағына отырғызады. Бұл хандықты татарлар Хан Кермен, орыстар «Касимова» деп атайтын. Ораз Мұхаммед бұл мемлекеттің 11-ші ханы болып, 10 жыл басқарады. Ертең батыр бабамызға Ресейдің Рязан облысында ескерткіш тақта орнатылады.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу