Алматы автопарктері жаңа автобустармен толықты. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының өкілдері айтты.
Ірі мегаполисте әртүрлі бағытта қатынайтын 1445 автобус жүреді. Ал өткен жылдан бастап «Еуро-5» экологиялық санаттағы жаңа автобустар келе бастады. Тасымалдаушылар қалаға 66 жаңа қоғамдық көлік әкелген. 10 автобус Талғар мен Алматы арасында қатынаса, қалғаны қоғамдық көліктер жетіспейтін бағыттарға жіберіледі.
Нұрхан Нұрланұлы