Бүгін түс ауа Үкімет басшысы Павлодар облысына барды. Асқар Мамин алдымен өндірісті аймақтағы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ашылып, ел экономикасына екпін беріп отырған ксәпіорындардың бірі — «Нефтехим ЛТД» ЖШС. Кәсіпорын мұнай қалдықтарынан түрлі өнім шығарады. Бастапқыда дайын өнім шығару өндірісіне қажетті полипропилен түйіршектейтін.
Үкімет басшысы жаңадан салынып жатқан «Спорт-Сити» спорт қалашығында болып, жақында тапсырылуға тиісті 200 орындық онкология диспансерінің құрылысына барды. 5 корпустан тұратын аурухана обыр ауруына қарсы озық технологиямен жабдықталған. Бұл жерде 300-ге тарта маман жұмыс істейтін болады. Павлодар қатерлі ісік аурулары кең таралған еліміздегі үш облыстың бірі. 11 мыңнан аса сырқат диспансерлік есепте тұр. «Инвесторлар үйінде» Премьер-Министр аймақтың инвестиция тарту қабілеті бойынша нақты мәліметтерді саралады. Сапар барысында Асқар Мамин шағын қала Ақсудағы жүйеқұраушы кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Болат АМАНБАЕВ