Елімізде мүгедектігі бар балалардың саны 90 мыңға жуықы. Оларды емдеу-оңалту шараларына мемлекет айрықша назар аударуда. Бүгін Алматыға жұмыс сапарымен келген Үкімет өкілдері бірінші кезекте церебральді сал ауруына шалдыққа балаларды емдейтін орталықты аралады. Жұмысымен танысып, мамандардың мәселесін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Осыдан соң Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді. Бұл жиында мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды. Вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, елімізде мүгедектерді еңбекпен қамту әлі де болса өзекті күйінде тұр.
Сонымен қатар, бүгін Бердібек Сапарбаев Алматыдағы қолдауға зәру мекемелердің бірі Сейсмология институтында болды. Мұндағы мамандар техникалық жабдықтың бәрі ескі екенін, маман тапшылығын және жалақының аздығын алға тартты. Сейсмология институтының мәселесі алдағы уақытта тағы бір мәрте пысықталып, нақты шешім қабылданбақ.
Ербол МӘНДІБЕК