Жамбыл облысында жұмыс істеген арнайы комиссия күйдіргі дертінің шығу себебі анықталмағанын айтады.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Сібір жарасын жұқтырды деген төрт азамат жұқпалы аурулар ауруханасына түскен болатын. Осы жайттан кейін жалпы саны 44 адам қатаң бақылауға алынып, шаруа қожалығы оқшауланды. Алайда мамандар шаруа қожалығындағы ірі қарадан Сібір жарасының қоздырғышын таппағанын айтады. Бірақ ветеринариялық талаптың сақталмағанына қатысты іс қозғалып, тергеу амалдары әлі қаралуда. Оның қорытындысы жуырда жария болмақ.
Сәбит Әлдебай